Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада ювеналды полиция инспекторлары мен педагогтарға арналған семинар өтті

Қызылорда облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мұғалімдерге, әлеуметтік педагогтарға, ата-аналар мен ювеналды полиция инспекторларына арналған «Синтетикалық есірткінің ағзаға зияны мен әсері. Синтетикалық есірткіні қолданатын адамды қалай тануға болады. Есірткіні жасырып кетуші деген кім?» тақырыбында семинар ұйымдастырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Нашақорлықтың алдын алуда білім беру мекемелері мен отбасындағы тәрбиенің маңыздылығын ескере отырып, жасөспірімдер арасында ғана емес, балалармен, сондай-ақ олардың ата-аналарымен жұмыс істейтін білім беру жүйесінің қызметкерлері мен полиция қызметкерлері арасында да алдын алу жұмыстарын жүргізу болды.

Оқу орнында дұрыс ұйымдастырылған тәрбие жұмысы рухани-адамгершілік құндылықтарды және олардың құрылымында салауатты өмір салтын қалыптастыруға және дамытуға мүмкіндік береді. 

Семинар балалар мен жасөспірімдердегі есірткіге тәуелділікті уақытылы анықтауға, сондай-ақ жасөспірімдердің есірткі заттарын тұтынуының алдын алуға және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған. Іс-шараға 5 мыңнан астам тыңдаушы қатысты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру