Қызылордада заң үстемдігі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті дамыту форумы өтті
Бұл форум елімізде заң үстемдігін нығайту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, мемлекеттік органдар жұмысының ашықтығын арттыру және азаматтардың құқықтық сауаттылығын көтеру мақсатында ұйымдастырылған маңызды алаң, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында: "Заң мен тәртіп – қоғамның тұрақтылығы мен ел дамуының басты кепілі. Әділетті қоғам құру, заңға бағыну және парасаттылықты басты құндылық ретінде қабылдау – әрбір азаматтың жауапкершілігі" деп атап өткен болатын. Форум жұмысына облыс әкімінің орынбасары Мейрамбек Шермағанбет, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Ерлеген Мендалиев, қаржы саласының ардагері, "Аманат" партиясының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қоғамдық кеңесінің төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Мақсұт Нәлібаев, полиция департаменті бастығының орынбасары Оралбек Омаров, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің комплаенс офицері Әлібек Жаппасбаев, сондай-ақ БАҚ өкілдері, үкіметтік емес ұйым мүшелері, белсенді жастар және мемлекеттік қызметшілер қатысты.

Полиция департаменті бастығының орынбасары қоғамдағы қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру, құқықтық тәртіптің маңызын арттыру және азаматтық жауапкершілікті күшейту бағытында мәлімдеме жасады.
Форум соңында жыл сайын өңірде заң мен тәртіпті қамтамасыз ету жолында табысты еңбек етіп жүрген азаматтардың еңбегі еленетіні атап өтілді. Осыған орай облыс әкімінің орынбасары бірқатар азаматтарға «Алғыс хат» табыстады.
