Қызылордада жайылымда жүрген жылқыны атып алған мал ұрылары ұсталды
Қызылордада жайылымда жүрген жылқыны атып алған мал ұрылары ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Мал ұрлығы қылмыстарының алдын алу, ашу, мал ұрлығымен айналысатын тұлғаларды анықтау мақсатында Қызылорда қалалық Полиция басқармасының қызметкерлерімен мобильді топ құрылды. Іс-шара барысында 10 қыркүйек сағат 01:30 шамасында Тасбөгет полиция бөлімі бастығының орынбасары А. Курбанов жедел-тергеу тобын мал ұрлығына қатысты оқиға басына шақыртқып, қоңырау шалды.
Тексеру жүргізу барысында жедел уәкілдер Қызылорда қаласы «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» тас жолының бойында белгісіз үш ер адамды құрықтады. Олар облыс орталығы тұрғынына тиесілі құны 600 мың теңге тұратын бір бас жылқысын жайылып жүрген жерінен атып алып, сойып жатқан жерінен ұсталды.
Полицейлер күдіктілердің басқа да 4 мал ұрлығы қылмысына қатыстылығын анықтады.
Қазіргі таңда жалпы жәбірленушілерге келтірілген материалдық шығын үш миллионнан астам.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 188-бабының 2-бөлігі 1-тармағы (Мал ұрлау, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.