Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада жалған ақпарат таратқандар анықталды

Қызылорда полицейлері үш облыс тұрғынын «Ватсап» мессенджері арқылы жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция департаментінің қызметкерлері ватсап мессенджері арқылы жалған ақпарат таратқандарды анықтады.

Олар қаланың екі тұрғыны мен Жаңақорған ауданының бір тұрғыны болып шықты. Күдіктілер өз әрекеттерін толық мойындап, өкініп отыр.

Барлық фактілер ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабы 4-бөлігімен «Төтенше жағдай кезінде көрінеу жалған ақпарат тарату» тіркелді.

Осыған байланысты тұрғындарды шындыққа сай келмейтін мәліметтерді таратпауға және арандатушылыққа жол бермеуге шақырамыз.

Облыстық Полиция департаментінің басшысы Сұлтан Бектөре: «Мұндай фактілерді анықтау үшін күн сайын әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізілуде және провокаторларды анықтау үшін барлық қажетті техникалық мүмкіндіктер бар», – деп атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру