Қызылордада ЖБО камералары арқылы мыңнан астам құқық бұзушылық анықталды
Қызылорда қалалық полиция басқармасы жедел басқару орталығының бейнекамералары арқылы жыл басынан бері 1144 құқық бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда қаласы полиция басқармасының жедел басқару орталығында полиция қызметкерлері тәулік бойы үздіксіз қызмет етеді. Жедел басқару орталығы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен тәртіпті сақтау мақсатында анықталған құқық бұзушылықтар бойынша жедел жұмыстарды жүзеге асырады
Жыл басынан бері «102» арнасына барлығы 1571 хабарлама келіп түсті. Ал жедел басқару орталығының қызметкерлері жеті қылмыстың ашылуына және төрт суық қаруды заңсыз алып жүру фактісін әшкереледі. Одан бөлек 557 құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабымен 337 жүргізуші, ҚР ӘҚБтК-нің 591-бабының 1-бөлігімен 96 жүргізуші, ҚР ӘҚБтК-нің 600-бабының 1-бөлігімен 137 жүргізушіге әкімшілік хаттама толтырылды.
Сонымен қатар ҚР ӘҚБтҚ-нің 440-бабы бойынша 45 хаттама рәсімделді. ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы бойынша 93 құқық бұзушылық анықталып, шара көрілді.
Бұл бағытта жедел басқару орталығының қызметкерлрі құқық бұзушылықтың алдын алып, жолын кесу шараларын жалғастырып жатыр.