Қызылордада жеке құраммен жедел кеңес өткізілді
Бүгін Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы өткен жылды қорытындылап, жеке құраммен жедел кеңес өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Облыстың тәртіп сақшылары қоғамдық орындардағы қауіпсіздік шараларын күшейтіп, қылмыстарды болдырмау бойынша тиісті жұмыстар атқаруда.
Нәтижесінде өткен жылы қылмыстар саны 37%-ға төмендеп, қоғамдық орындарда, көшелерде, мас күйінде, кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстар саны азайды.
Жедел кеңесте Бектөре Жеңісбайұлы жуырда өткен ІІМ Алқа отырысында қойылған басты талаптар мен берілген тапсырмаларды барлық жеке құрамға жеткізді.Сондай-ақ кеңес барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға, тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз етуге, ішкі істер органдары қызметкерлерінің қызметтік әдеп нормаларын сақталуына ерекше назар аударылды.
– Өткен жылы полицейлер ерекше режимде қызмет атқарды. Қоғам тыныштығын сақтаумен қатар, олар күні–түні рейдтік жұмыстар жүргізіп, төтенше жағдай талаптарының сақталуын қатаң қадағалады. Бұл қиындықтарға қарамастан өткен жылдың қорытындысы бойынша облысымызда қылмыс деңгейі 37 % -ға төмендеді. Алдыңғы шепте міндеттеріңізді мінсіз атқарып, еліміздің тыныштығын сақтауда аянбадыңыздар. Адал қызметтеріңіз үшін алғыс білдіре отырып, отбасыларыңызға амандық, жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін, – деді Бектөре Жеңісбайұлы.