Жоғары сынып оқушыларымен мамандық таңдау бойынша кездесу өтті
Мектеп бітірушілермен «Тергеу және криминалистика», «Жедел криминалистика» және «Ақпараттық жүйелер» мамандықтары бойынша ақпараттар берілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шиелі ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері Шиелі кентінде орналасқан орта мектептің 11-сынып оқушыларымен Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясына оқуға түсу шарттары туралы кәсіби бағдар беру жұмыстары аясында кездесу өткізді.
ҚР Қарулы күштер қатарында болған және спорттық дәрежесі бар азаматтар, мектептер мен колледждерді үздік бітірген үміткерлер аталған оқу орындарына бірінші кезекте іріктелініп жолданатындығы да айтылды.
Кездесу барысында ішкі істер органдарында қызмет өткерудің жағымды жақтары да айтыла отырып, Қарағанды академиясы туралы бейнефильм көрсетіліп, ақпараттық буклеттер таратылды.
Оқуға түсуге қызығушылық білдірген түлектер Шиелі кенті, М.Шоқай көшесі №5 мекен-жайында орналасқан Шиелі ауданы Полиция бөлімінің кадр саясаты тобына хабарласуларына болады.