Пробация қызметі есебінде жүріп қайта қылмыс жасағандар қатаң жазаға тартылады
Қызылода облысында пробация есебіндегі азаматтармен кездесу өтті,-деп хабарлайды Polisia.kz.
Сырдария ауданы әкімінің орынбасары Димаш Байдушевтің төрағалығымен Сырдария аудандық полиция бөлімінде пробация есебіндегі сотталғандардың қатысуымен кездесу өтті. Іс-шараға Сырдария аудандық сотының төрағасы Руслан Алдамбергенов,аудан прокуроры Ерлан Алмазұлы, аудандық полиция бөлімінің бастығы Ерлан Сағидуллаұлы және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысты.
Шараның мақсаты –пробация қызметінің есебінде тұратын адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету, жұмыссыз сотталғандарды аудандық жұмыспен қамту бөлімімен бірлесіп жұмысқа орналастыруға ықпал жасау, құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу, қайта қылмыстың алдын алу.
Шара барысында аудан прокуроры Ерлан Алмазұлы 2019 жылғы 27-желтоқсандағы «Қылмыстық, қылмыстық- процестік және жеке адам құқықтарының қорғалуын күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» №292-VІ ҚР Заңы қабылдануына байланысты түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, кейбір заң санкцияларының қатаңдатылғанын, пробация қызметі есебінде жүріп қайта қылмыс жасаған жағдайда қатаң жазаға тартылатындықтарын ескертті.
Аудан әкімінің орынбасары сотталғандар тарапынан қойылған сұрақтарына жауап беріп, волонтер жылына байланысты бірқатар атқарушы орган өкілдеріне тапсырма берді.