Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Квадрат» ауқымды жедел-профилактикалық іс-шара барысында хаттамалар толтырылды

Қызылордалық полицейлер «Квадрат» ауқымды жедел-профилактикалық
іс-шарасын өткізді,-деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері Жаппасбай
батыр көшесінің әкімшілік аумағында,  «Универсам» шағын ауданында және оған іргелес Бектұрғанов, Панфилов және Чайковский көшелерінің аумағында «Квадрат»әдісі бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізді.
Тұрғындардың мекен-жайларын аралау кезінде осы әкімшілік аймаққа
жауапты учаскелік полиция инспекторларының аты-жөндері, қызметтік және
ұялы байланыс телефондары көрсетілген визиткалар тұрғындарға таратылды.
Профилактикалық шара барысында алкоголь өнімдерін жиырма бір жасқа
дейінгі адамдарға сатқаны үшін 6 сатушы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 200-бабы 1-бөлігі (Жиырма бір жасқа дейінгі адамдарға алкоголь өнімін өткізу) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Тұрғын үйлердің аулаларында мас күйінде 3 азамат анықталып, уақытша

бейімдеу және детоксикация орталығына орналастырылды. Құқық бұзушыларға қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 440-бабына  (Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) сәйкес әкімшілік хаттамалар толтырылды.492 – бабы бойынша (Қазақстан Республикасында тіркеусіз немесе жеке басын куәландыратын құжаттарсыз тұру) – 19 дерегі, 434-2-бабы бойынша (ортақ пайдаланылатын

орындарды ластау) – 8 дерек, 505-бабы бойынша (қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру ережелерін бұзу, сондай-ақ инфрақұрылым объектілерін бұзу)– 4 дерек, 517 – бабы бойынша (шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының Халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) – 4 дерек.
Тексеру барысында қаруды сақтау ережелерін бұзғаны үшін 4 тұрғын
әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға қатысты 486-бап 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына 2 жасөспірім жеткізіліп, олардың ата-аналарымен профилактикалық әңгімелесу өткізілді. Бұл бағыттағы жұмыстар өз жалғасын табуда.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру