Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада жол-көлік оқиғасынан жолаушы көз жұмды

Қызылорда облысында жол-көлік оқиғасы орын алып, бір адам қайтыс болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

27 мамыр сағат 15:30 шамасында «Самара-Шымкент» тасжолының Жалағаш ауданы Аққұм ауылының тұсында шетелдік нөмірлі жеңіл көлік пен «Камаз» жүк көлігі соқтығысты. Жол-көлік оқиғасы салдарынан бір жолаушы қайтыс болып, сегіз адам медициналық мекемеге жеткізілді.

Орын алған жол-көлік оқиғасы бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 345-бабының 3-бөлігімен (автомобильдi басқаратын адамның жол жүрісі қағидаларын бұзып, абайсызда адам өлiмiне әкеп соғу) сотқа дейінгі тергеу басталды. Қылмыстық іс бойынша барлық қажетті сот сараптамалары тағайындалды. Мән-жайы анықталып жатыр.

Бүгінгі таңда жолдарда көлік саны күн санап өсіп жатыр. Көлік санының артуы жол-көлік апатының өсім алуына әсерін тигізетіні белгілі.

Қызылорда облысының Полиция департаментімен облыс көлемінде жол- көлік оқиғаларының алдын алу және оларды төмендету мақсатында қажетті кешенді іс-шаралар қабылданып жатыр.

Атап айтсақ, жол апаттарының көптеп орын алатын аумақтарында патрульдік полиция нарядтарының тығыздығы ұлғайтылып, күндізгі және кешкі уақытта полиция нарядтарының саны көбейтілді. Облыс бойынша жыл басынан жол ережелерін бұзуға қатысты 48 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық дерегі анықталды.

Жүргізіліп жатқан профилактикалық шараларға қарамастан көптеген жүргізушілер жол қозғалысы ережелерінің талаптарын елемей, заң бұзушылықтарға жол береді, олар: мас күйінде көлік жүргізу, қарсы бағытқа шығып кету, қауіпсіздік белдіктерін пайдаланбау, көлік құралын басқарған кезде ұялы телефон пайдаланады.

Жол ережесін сақтау – міндет. Бұл ретте Қызылорда облысы Полиция департаментінің басшысы Бектөре Сұлтан жол қозғалысы ережелерін сақтау – жүргізушілер үшін ғана емес, жаяу
жүргіншілер үшін де маңызды екендігін атап өтті.

– Жүргізушілер арасында көлік тәртібін арттырып, жол-көлік оқиғаларының санын азайту, сондай-ақ жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алу мақсатында жүргізушілерге және басқа да жол қозғалысы қатысушыларына жолдарда жылдамдық режимін асырмай, ҚР жол ережелерін қатаң сақтау қажет, – деді Полиция департаментінің басшысы.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру