Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жағалауда полицейлер балаларға бетперде таратты

Ішкі істер министрлігі тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін барлық қажетті шараларды қабылдап, ішкі істер органдарының қызметкерлерін медициналық тексеруден өткізуді ұйымдастырып жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың тапсырмасына сәйкес Маңғыстау облысының полиция басқармасы адамдар көп шоғырланған жерлерде тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қосымша іс-шаралар жоспарын жасақтады. Елдегі төтенше жағдай жойылды, бірақ пандемия қаупі сақталғандықтан, аймақта карантин режимі алынып тасталды.

– Күнделікті өмірде қауіпсіздік шараларын сақтау керек. Пандемия толықтай жойылған жоқ, демек, бүгінде халықтың денсаулығына қауіп төніп тұр. Біріншіден, біз өз денсаулығымыз үшін жауаптымыз. Әрбір адам мұны тек өзі үшін ғана емес, сонымен қатар оның отбасы мен балалары үшін де толық жауапкершілікпен сезінуі керек, – деді облыстық Полиция департаментінің басшысы Жанарбек Бақтыбаев.

Жергілікті полиция қызметінің патрульдік полиция батальонының қызметкерлері балаларға бетперделер тарату акциясын ұйымдастырды. Өткізілетін орын кездейсоқ таңдалмады. Қаланың жағалау аймағы, мұнда барлық тұрғындар мен қонақтар уақыт өткізуді ұнатады, әсіресе қаламыздың кішкентай тұрғындары. Балалар мен олардың ата-аналары полицияның іс-әрекеттеріне риза.

– Біздің міндетіміз – тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Біз бұл акцияны қуана қолдадық, – деді полиция қызметкерлері.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру