Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тыныштық бұзатын көршілер жауапқа тартылады

Солтүстік Қазақстан облысының  полицейлері жыл басынан тыныштықты бұзған 750-ден астам адамды жауапқа тарты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

«Сәлеметсіз бе, полиция? Көршілер тыныштық бермейді, біздің баламыз бар, шара қолданыңыздаршы…» – мұндай қоңыраулар кезекшілік кезінде «102» арнасының операторларына жиі түседі. Тек бір түннің ішінде Петропавл қалалық Полиция басқармасының бөліністері 23 сағаттан кейін тыныштықты бұзу фактісі бойынша сегіз шақыртуды тіркеді.

Полиция қызметкерлері барлық бұзушылықтарды қасақана бұзған деп санауға болмайтынын айтады. Осындай жағдайлардың бірі шамамен түнгі 1-де Астана көшесіндегі үйдің ауласында 30 жастағы тұрғын балконда тұрып, досымен сөйлескен. Олардың сөйлескен даусынан оянған көршісі полиция шақырғанын айтып, ескерту жасаған. Тыныштық бұзған ер адам көршісінен кешірім сұрап, жанжал осымен шешілген.

Кәмелетке толмаған қызының туған күнін атап өтіп жатқан жер үйдің тұрғындары да музыканың дауысын қатты шығарғандарын мойындап, өздерінің кінәсін түсінген. Көршілері баласын ұйықтата алмаған соң, түнгі 23-тен кейін полицияға хабарласқан. Тыныштық бұзғандар учаскелік инспекторға уақыттың қалай өткенін байқамай қалғандарын айтып, шуды бірден тоқтатты.

Тауфик Мұхамед-Рахимов көшесіндегі көршілердің көптеген шағымдары бойынша келген полицейлер мүлдем басқа көрініске тап болды. Пәтердің сынған терезесі мас жанжалқойдың іс-әрекетінің нәтижесі екені бірден көрінді. Құқық бұзушы үй иесімен уақытша тұрып жатқан оның туысы болып шықты.

– Жауапкершілігі жоқ пәтерді жалға алушылар мен отбасында жанжал шығарушылар тыныштықты ең көп бұзады, – деп атап СҚО Полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары Қанат Айтбаев. – Олар айналасындағы адамдардың тыныштығы туралы ойламайды. Пәтер бюроларының әкімшілерімен және жалға берілетін үйлердің иелерімен түсіндіру жұмысы жүргізіледі, шарт жасаған кезде олар клиенттерге тыныштық режимін сақтау қажеттігі туралы түсіндіреді. Жанжал шығарушылар профилактикалық есепке алынған, олардың басым бөлігі  ішімдікті салына ішуге бейім және кейбіреулері тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапқа тартылған. Учаскелік инспекторлар олармен құқық бұзушылықтарды болдырмау жөнінде профилактикалық әңгіме жүргізеді.

Жалпы жыл басынан облыста ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 437-бабы (тыныштықты бұзу) бойынша 769 адам жауапқа тартылды. Баппен жеке тұлғаларға бес айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салу көзделген. Бір жылдың ішінде қайталап бұзса, 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлеуге тура келеді. Кәсіпкерлік субъектілеріне және коммерциялық емес ұйымдарға меншік түріне қарай 20-дан 100-ге дейін айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салу көзделген, қайтадан бұзса – 40-тан 150-ге дейін АЕК көлемінде айыппұл салынады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру