Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада жыл басынан бері мас күйде көлік тізгіндеген 358 жүргізуші анықталды

Қызылордада жыл басынан бері мас күйде көлік тізгіндеген 358 жүргізуші анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Жыл басынан бері қала бойынша жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол-көлік оқиғаларына тікелей септігін тигізетін құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында барлығы 7 жедел-профилактикалық іс-шара өткізілген. Қабылданып жатқан шараларға қарамастан мас күйінде көлік тізгіндеген 358 жүргізуші анықталған.

Мәселен, түнгі уақытта патрульдік полиция батальон қызметкерлері Сұлтан Бейбарыс көшесінде бағыт-бағдар аралау барысында 30 жастағы жүргізушінің басқаруындағы DAF Trucks автокөлігін өрескел құқық бұзушылық жасағаны үшін тоқтатқан. Жүргізуші автокөлікті «жеңіл дәрежедегі» мас күйінде басқарғаны анықталды.

Қазіргі уақытта тәртіп бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігімен (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) әкімшілік хаттама толтырылып, автокөлік айып алаңына қойылды.

– Негізінде жол-көлік оқиғалары көбіне осылай рөлге мас күйде отыру салдарынан болады. Сондықтан ішімдік ішіп, көлік тізгіндемеңіз. Бұл өз өміріңізбен қатар, өзгеніңде өміріне қауіп төндіреді. Осы ретте автокөлік жүргізушілерін жолда жүру ережелерін қатаң сақтауға шақырғым келеді. Сіздің ойланбаған әрекеттеріңізден кінәсіз адамдар зардап шегуі мүмкін, – деді Қызылорда қалалық ПБ бастығы Жаназаров Әбдібек.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру