Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

35 жастағы алматылық қызық үшін бөтеннің көлігін ұрлап кеткен

35 жастағы алматылық қызық үшін бөтеннің көлігін ұрлап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Әуезов ауданында көлікті заңсыз иемденді деген күдікпен жергілікті тұрғын ұсталды.

– Біздің бөлімшеде алматылық азаматтың Toyota Camry автокөлігінің ұрланғаны туралы арыз тіркелді. Осы қылмысты жасады деген күдікпен 35 жастағы М.есімді азамат ұсталды, ол өзінің алкогольдік масаң күйде болғанын айтып, өз әрекетін мойындады. Ер адам көлікке мінгісі келгенін айтты. Көлікті басқара алмай қалған қаскөй ЖКО жасап, тоқтап тұрған бірнеше көлікті соқты. Көлік тәркіленді. Күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 200-бабы 3-бөлігі (Ұрлық мақсатынсыз автокөлікті заңсыз иелену) бойынша қылмыстық іс қозғалды, – деді Әуезов аудандық Полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру