Қызылордадағы тергеу изоляторына қоғамдық бірлестік өкілі барды
Қызылордадағы тергеу изоляторына қоғамдық бірлестік өкілі барды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда қаласындағы ЗК-169/1 тергеу изоляторына «Біз азаптауға қарсымыз» қоғамдық бірлестігінің басшысы Елена Семенова барды.
ҚР ІІМ ҚАЖ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті арасында сотталғандардың бұзылған құқықтарын сақтау және қалпына келтіру саласында ынтымақтастық туралы меморандумға сәйкес, «Біз азаптауға қарсымыз» бірлестігінің басшысы, қоғамдық бірлестік өкілі Е. Семенова тергеу қамауындағылар мен сотталғандардың мекемедегі ұсталу тәртібі бойынша аралау және қабылдау жұмыстарын жүргізді.
Сондай-ақ, бұл аралау Қызылорда облыстық прокуратурасының Үкімдердің орындалуын қадағалау басқармасының бастығы С.Ахметовтің, басқарма аға прокуроры М. Алмас пен ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары М.Нәкенов және мекеме бастығығы А. Тасқараевтың қатысуымен өткізілді. Қоғамдық өкіл басшысының жеке қабылдау кезінде қамаудағылар тарапынан азаптау фактілері бойынша ешқандайда арыз-шағымдары болмады.
– Арнайы келген бұл топ олардың камерадағы ұсталу жағдайы мен тамақтануын өз көзімен көріп, мекеме тарапынан медициналық іс-шаралардың тиісті дәрежеде өткізіліп жатқандығын көзімен көріп қайтты. Бүгінгі келген қоғамдық бірлестік басшысы мен құқық қорғаушылар тұттқындармен жеке әңгімелесіп, оларға мекеме тарапынан тиісті жағдайлардың жасалынып жатқандығын және ешқандайда заң бұзушылықтардың орын алмағандығынан хабардар болды, – деді мекеме бастығығы А.Тасқараев.