Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстауда психологтар сотталғандарға «Менің бостандықтан кейінгі өмірім» тақырыбында дәріс өткізді

Маңғыстауда психологтар сотталғандарға «Менің бостандықтан кейінгі өмірім» тақырыбында дәріс өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Маңғыстау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты ГМ-172/8 қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінде бостандыққа шығуларына бір жыл және одан кем уақыт қалған сотталғандармен «Менің бостандықтан кейінгі өмірім» тақырыбында дәріс өткізілді. Дәрісті ГМ-172/6 мекемесінің аға инспектор-психологы К.Саипова мен теологиялық оңалту жұмыстары бойынша аға инспекторы М.Орынбай жүргізді.

Шараның мақсаты – сотталғандардың ой-өрісін кеңейту, психологиялық сауаттылығын, өмірге деген құлшыныстарын арттыру, бостандыққа шыққаннан кейінгі қоғамға оң қалыптасып, қайта қылмыс жасамай дұрыс өмір сүрулеріне ықпал ету.

Дәріс кері байланыс орнату, яғни сұрақ-жауап форматында өтті. Жазасын өтеушілер қайта қылмыс жасамай, дұрыс өмір сүруге тырысатындықтарын, жаза басып, жаңылысқандарын түсінгендерін айтты. Сондай-ақ, өз көкейлерінде мазалап жүрген проблемалық мәселерімен бөлісіп, пікірлерімен алмасты. Өз тарапынан мамандар діни тұрғыда бағыт-бағдар, ақыл- кеңестер беріп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру