Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордадағы тергеу изоляторында қақпа алдындағы кездесу өтті

Қызылордадағы тергеу изоляторында қақпа алдындағы кездесу өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы ҚАЖД-ға қарасты №68 мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері қақпа алдында жиын ұйымдастырды. Жобаның негізгі мақсаты – халықтың осы санатындағы қайталанатын қылмыс деңгейін төмендету үшін күрестің негізгі құралдарының бірі саналатын бұрын сотталғандарды әлеуметтендіру және жұмысқа орналастыру.

Кездесу барысында ҚР ҚК-нің 174-бабы бойынша жаза мерзімі аяқталған бір сотталғанға Қызылорда қалалық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің өкілдері босатылған азаматқа жұмысқа орналасу ережелері мен медициналық қамтамасыз ету және құжаттамалық қамтамасыз ету мәселелерін шешу ережелерін түсіндірді.

Сондай-ақ оған босатылғаннан кейін жұмысқа орналасу құқықтары мен міндеттері туралы парақша, тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту бөлімінің мекенжайы көрсетілген жұмысқа орналасуға қажетті құжаттар тізімі берілді.

– Қақпа алдындағы кездесу әлеуметтік жобасы бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандарды дұрыс жолға салуға көмектеседі. Ал іштен ашылған изолятор қақпасы енді сырттан бұл азаматқа ешқашан ашылмайды деп сенемін, – деді мекеме бастығының тәрбие жөніндегі орынбасары Жәнібек Зиябеков.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру