Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысында кезекті мас жүргізуші анықталды

Жамбыл облысында кезекті мас жүргізуші анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Талас аудандық полиция бөлімінің патрульдік полиция тобының инспекторлары Ойық – Ұланбел тас жолының бойында жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін AUDI-80  автокөлігін тоқтатқан. Автокөлік жүргізушісімен әңгімелесу барысында оның мас күйінде болғаны анықталды. Медициналық сараптаманың қорытындысы бойынша жүргізуші «орта дәрежедегі» мас күйінде автокөлік басқарғаны расталды.

Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылып, сотқа жолданды. Талас аудандық сотының қаулысы бойынша құқық бұзушы жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Автокөлік арнайы айыптұраққа қойылды.

Жамбыл облысы Полиция департаменті көлік құралын мас күйде басқарған үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылғаны туралы ескертеді және азаматтарды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру