Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордадағы тергеу изоляторында сотталғандарға әдебиет сабағы өтілді

Қызылордадағы тергеу изоляторында сотталғандарға әдебиет сабағы өтілді, – деп хабарлайды Polisia.kz

ҚР ҚАК-нің 105-бабына сәйкес, бас бостандығынан айырылған сотталғандармен тәрбие жұмысының міндеттерінің бірі – сотталғандардың білім және мәдени деңгейін арттыру және одан әрі дамыту. Осыған орай ЗК-169/1 тергеу изоляторының қамауындағы ұсталынып отырған азаматтармен әртүрлі бағытта тәрбие жұмысын жүргізіліп келеді.

Сондай іс-шаралардың бірі ретінде мекемедегі экстремизм мен тероризм баптары бойынша сотталған азаматтары арасында әдебиет сабағы өтті.

– Біз мекемедегі радикалды көзқарастағы сотталған азаматтармен ұдайы үзіліссіз жұмыс жасап келеміз. Олардың діни көзқарасын оң бағытқа өзгерту мақсатында діни бірлестік өкілдері, мешіт имамдарымен мекеме теологтар бірлесе отырып жұмыстар атқарады. Бұдан бөлек, олардың рухани жан дүниесіндегі толғанысқа толы сезімдерін ашып ояту, өздерінің бойындағы қабілеттерін көрсете білу үшін біз олармен әдеби сабағын өтіп тұруды қолға алдық. Өйткені қай кезеңде де, әдебиет пен өнердің кез-келген адамның сезімдеріне игі әсер етіп, рухани байлығын арттыратын күші зор. Сондықтанда бүгін мекеменің мемлекеттік тілде аудармашы маманы Р. Абрахманова арнайы контиген арасындағы сотталғандарға алғашқы әдебиет сабағын өтті, –  деді мекеме бастығының тәрбие жөніндегі орынбасары Қ. Олжабаев.

Бұл сабақта күрескер ақын С. Сейфулиннің кітаптары таныстырылды. Сабақ барысында сотталғандарға ақынның шығармалары, «Тар жол, тайғақ кешу» өмірбаяны таныстырылды. «Туған жерім – өз елім» және тағы да басқа лирикалық, патриоттық тақырыптағы өлеңдерін оқып берді.

Соталғандар сабаққа қызығушылық танытып, өздерінің де оқыған ақын-жазушыларының шығармаларын атап, айтып берді.

– Мен мектепте әдебиет сабағын құлшына оқитынмын. Бұл бәлкім апайдың көркем бейнелеп жеткізе білгендігінен болар. Абайдың өлеңдерін әлі күнге жатқа білемін. Бүгінгі өтілген сабақтағы Сәкен Сейфулиннің туған жерге арнаған өлеңі керемет екен. Мен де туған ауылымды сағынып жүрмін, – деп ішкі ойын ақтарған С. есімді сотталған Абайдың «Күз» өлеңін жатқа оқып берді.

Өздерінің ішкі сезімдерімен бөлісіп, туған жерге, туыстарына деген сағыныштарымен бөліскен сотталғандар әдеби сабақтардың жиі өтілуін сұрады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру