Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Нұр-Сұлтанда полицейлер электросамокатпен жол ережесін бұзған жігітті ұстады

Нұр-Сұлтанда полицейлер электросамокатпен жол ережесін бұзған жігітті ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Достық және Түркістан көшелерінің қиылысында жас жігіт электросамокатпен жаяу жүргіншілер өткелінен бағдаршам белгісіне қарамастан өтіп кеткен. Бұған дейін де елорда тұрғыны ҚР ӘҚБтК-нің 615-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны анықталды.

Электросамокат мінген жігітке қатысты әкімшілік іс қозғалды және сотқа қарау үшін жіберілді.

Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған құқық бұзушылық үшін оған 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.

Елордада 19 шілдеден бастап “Қауіпсіз жол” жедел алдын алу іс-шарасы өтуде. Іс-шара басталғаннан бері сегіз мыңнан астам жол қозғалысы ережелерін бұзу анықталды, оның ішінде: жаяу жүргіншілерге қозғалыс кезінде басымдық бермегені үшін 215 жүргізуші ұсталды. Апатты жағдай туғызғаны үшін 195 жүргізуші мен мас күйінде 68 жүргізуші ұсталды. Арнайы тұраққа 222 көлік құралы орналастырылды.

Сонымен қатар жедел алдын алу шарасы басталғаннан бері 1700-ден астам жол ережесін бұзған жаяу жүргінші ұсталды. Жыл басынан бері елордада жол ережесін бұзған 13 мыңға жуық жаяу жүргінші анықталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру