Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Сіз жақсы жүргізушісіз”, “сіздің күлкіңіз әдемі”: полицейлердің жол апаттарын алдын алу бойынша жаңа тәсілі тұрғындарға ерекше әсер сыйлады 

Түркістан облысы Ордабасы ауданында полицейлер жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол жүрісі қағидаларын сақтау бойынша ерекше акция өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz сайтының тілшісі.

Тәртіп сақшылары жүргізушілерді жолда мұқият болуға шақырып қана қоймай, оларға жылы сөздер жазылған арнайы карточкалар ұсынды. Полиция қызметкерлерінің мұндай түсіндіру жұмыстары жергілікті тұрғындарды таң қалдырды.

– Бірлескен күш-жігермен ғана біз жол қозғалысының барлық қатысушылары үшін жолдарымызды қауіпсіз ете аламыз. Кішкентай қателіктің өзі қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін. Әрбір жүргізуші мен жаяу жүргінші жолдың әрдайым қауіп-қатермен байланысты екенін түсініп, мұқият әрі жауапты болуы қажет, – деді полицияда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру