Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарлық полицейлер “Мен адам саудасына қарсымын” акциясын өткізді

Павлодарлық полицейлер “Мен адам саудасына қарсымын” акциясын өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысы ПД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері “Мен адам саудасына қарсымын” акциясын Павлодар қаласы ішкі саясат бөлімінің қолдауымен Орталық жағалауда ұйымдастырды. Дүниежүзілік адам саудасына қарсы күрес күніне арналған бұл акцияға “Павлодар – есірткісіз қала” қоғамдық бастамасының белсенділері де қатысты.

“Еrtis promenade” сахнасы мен қаланың сауда үйлерінің экрандарында профилактикалық роликтер көрсетілді.

Адам саудасы – бұл әр елдегі адамдардың өміріне әсер ететін, адамдарды адамдық қадір-қасиетінен айыратын, олардың бостандығына қол сұғатын, осы қылмыстардың құрбандарын пайдалану объектісіне айналдыратын әлемдік ауқымдағы жаһандық проблема.

Аталған қылмыс үшін Қазақстан Республикасы ҚК 128-бабы бойынша жауапкершілік көзделген.

Акцияға қатысушылар халыққа құлдық саудасының қауіп-қатерін болдырмау жолдарын, қайда жүгіну керектігі туралы ақпарат беруге бағытталған мақсатты ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Түсіндіру сипатындағы ақпарат және байланыс телефондары бар брошюралар таратылды.

– Ешкімнің ешқандай жағдайда адамды бас бостандығынан айыруға құқығы жоқ. Адам саудасы-адамзатқа қарсы ауыр қылмыс. Егер сіз осындай фактілердің куәсі болсаңыз, полицияға 102 телефонына хабарлаңыз, – деді Полиция департаментінде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру