Қызылордалық азаматтан есірткі табылды
Қызылорда облысында қалтасында есірткі бар азамат ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда облысы Полиция департаментінің Сырдария аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері 23 қазан күні түнде Тереңөзек кентіндегі көп қабатты үйлердің бірінің ауласында іс-қимылы күдік тудырған азаматты тоқтатып, одан есірткі табылып алынды.
Тексеру барысында 48 жастағы жергілікті тұрғынның жұмыссыз екені анықталды. Айғақ зат алынып, сараптама тағайындалды.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабының 2-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.