Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордалық кәсіпкерлер полицейлерге қолдау көрсетті

Төтенше жағдай кезінде облыс кәсіпкерлері, оның ішінде Арман Иса, Берік Омаров және басқа да кәсіпкерлер, мен еріктілер «BizBirgemiz» қайырымдылық акциясына қатысты. Олар бірнеше санитарлық бекеттерді аралап, ерекше режимде жұмыс жасап жатқан полицейлерге қолдау білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz

Бизнес өкілдері тәулік бойы қалтқысыз қызмет еткен полиция қызметкерлерін ыстық тамақпен қамтамасыз етті.

– Біз командамызбен бірге полицейлерді қолдауды шештік. Бұл акцияға қатыса отырып, халықтың олармен бірге екендігін көрсеттік. Күні – түні қызметте жүрген полиция қызметкерлеріне деген алғысымыз ерекше, – дейді акция ұйымдастырушылары.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің бірінші орынбасары Шамшидин Амитов полиция
қызметкерлері көлікпен, қажетті арнайы қорғаныс құралдарымен, ыстық тамақпен, планшеттермен қамтамасыз етілгендігін атап өтті.

Кәсіпкерлерге қолдау көрсеткені үшін алғысын білдіріп, оларға денсаулық және амандық тіледі.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру