Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда 320 қоғамдық көлікте түсіндірме жұмыстары ұйымдастырылды

Алматы полициясы маска режимін және қоғамдық көліктердегі әлеуметтік қашықтықты сақтау бойынша рейдтік шараларды жалғастырып жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

– Осы рейдтер барысында барлығы 320 қоғамдық көлік тексерілді. Жүргізушілермен және жолаушылармен қоғамдық көлікте жүру кезінде карантин режимін сақтау туралы түсіндіру әңгімесі өткізілді. Осы бағыттардағы жолаушылары медициналық бетпердеде болғанын атап өтемін. Сонымен қатар, әр ауданда алдын алу жұмыстарды күшейту үшін 16 арнайы топ құрылды. Олардың құрамына полиция қызметкерлері ғана емес, сондай-ақ, аудан әкімдіктерінің өкілдері де кірді: саябақтарда, алаңдарда және халық көп жиналатын жерлерде маска режимін сақтау рейдтерін өткізді. Бетпердесі болмаған адамдар үшін біз оларды тараттық, – деді Алматы қалалық ПД жергілікті Полиция қызметі басқармасының басшысы Манап Саттаров.

Полиция тағы да карантиндік шараларды сақтау және олардың қауіпсіздігіне қамқорлық жасау керектігін еске салады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру