Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордалық полицейлер 5 адамды өрттен құтқарды

Қызылордалық полицейлер бес адамды өрттен құтқарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

31 мамырда сағат 10:23 шамасында​ Қызылорда қалалық Полиция басқармасының Ақсай полиция бөліміндегі Боран-5 экипажының полиция қызметкерлері өздеріне бекітілген әкімшілік аймақтарын аралау барысында тұрғын үйлердің бірінен өрт шыққанын байқаған.

Экипаж қызметкерлері Бақытжан Тастыбаев пен Әділет Қуанышқа үйге кіру үшін терезені сындыруға тура келген. Полицейлер өртке оранған үйге бірнеше қайтара кіріп, зардап шеккен адамдарды бірінен соң бірін сыртқа шығарып, өмірлеріне араша болды. Өрт сөндірушілер мен жедел-жәрдем бригадасы келіп жеткенге дейін полицейлер бес тұрғынды өрттен құтқарды. Бес адамның​ бірі бүлдіршін мен жүкті әйел болғаны анықталды.

Жедел жәрдем мен ТЖД-нің өрт қызметкелері келгенше​ полиция қызметкерлері шұғыл әрекеттер атқарған. Оқиға болған аймаққа қосымша Боран-6 қызметкерлерімен №6 учаскелік полиция пунктінің қызметкерлері жіберіліп, аймақты қоршау жұмыстары атқарылды. Төтенше жағдайлар департаментімен оқиғаға байланысты өрттің шығу себебі анықталуда. ​

​ ​ – Полициядағы қызмет – адамдарға күнделікті көмек көрсету. Бұл – біздің жұмысымыз. Мен ерекше іс істедім деп ойламаймын. Бұл жағдайда кез келген адам осылай жасар еді, – дейді Бақытжан Тастыбаев .

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру