Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде полицейлер мотоцикл жүргізушісін масаң күйде ұстады

Ақтөбеде полицейлер мотоцикл жүргізушісін масаң күйде ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

30 мамыр күні патрульдік полиция қызметкерлері Есет батыр көшесіндегі қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті сақтау кезінде 50 жастағы ер адамның басқаруындағы Райсер мотоциклін тоқтатты. Тексеру кезінде мотоцикл жүргізушісінің бұрын көлік жүргізу құқығынан айырылғаны белгілі болды, бірақ соған қарамастан ол мотоциклді каннабиноидты есірткілік мас күйінде басқарған.

Аталған факті негізінде ҚР ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігі (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік масаң күйдегі адамның басқаруы) бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Мотоцикл арнайы тұраққа қойылған. Мотоцикл жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру