Қызылордалық полицейлер аккумулятор ұрлығын ашты
Қызылордалық полицейлер аккумулятор ұрлығын ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда облысында соңғы уақытта азаматтардан аккумулятор ұрлығы туралы арыз-шағымдар жиі түсуде. Ұрлық түнгі мезгілде, әсіресе дабыл белгісі жоқ автокөліктерде жиі орын алады.
Қызылорда қаласының Полиция басқармасына 5 шілде күні жергілікті үш тұрғыннан аккумуляторларды ұрлау туралы арыз келіп түсті. Жәбірленушілердің айтуынша, белгісіз біреулер жүк көліктерінен екі аккумуляторын ұрлап, материалдық шығын келтірген.
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, полиция қызметкерлері қылмыс жасады деген күдікпен облыс орталығының 20-23 жастағы төрт тұрғынын ұстады. Жәбірленушілерге келтірілген залалдың жалпы сомасы шамамен миллион теңгені құрады.
Қазіргі уақытта аталған фактілер бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу әрекеттері жүргізілуде. Күдіктінің үшеуі Қызылорда қалалық Полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды, біреуіне қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат ретінде бұлтартпау шарасы қолданылды.