Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордалық полицейлер ардагерлерді қуантты

Қызылордалық полицейлер Бірлік күні қарттарды құттықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні Қызылорда облысының ПД Анықтау басқармасының ұжымы Байланыс және телекоммуникация саласының ардагері Ширикова Мария мен механика саласының майталманы Ким Яковты мерекемен арнайы құттықтап, сый-сияпат берді.

Мария Широкова 1931 жылы Ресей Федерациясы, Воронеж облысында дүниеге келген. Ол 1949 жылы техникумға оқуға түсіп, бітіргеннен кейін жолдамамен Қызылорда қаласында орналасқан Облыстық байланыс телекоммуникация басқармасына инженер мамандығы бойынша жұмысқа тұрған. Аталған басқармада 35 жыл қызмет атқарып, басқару орталығында аға инженер мамандығымен зейнетке шыққан. Қазір Мария Широкова жалғыз өмір сүреді.

Қызылорда қаласы Шұғыла мөлтек ауданының тұрғыны Ким Яков Қиыр Шығыста (Дальний Восток) 1949 жылы дүниеге келген. Ата-анасы репрессияға ұшырап, Қызылорда облысы, Қазалы ауданына жер аударып келген. Балалық шағы Қазалы ауданда өткен.

Механик мамандығын тәмамдап, бірнеше кәсіпорындарда қызмет атқарып, зейнетке шыққан. Қазіргі таңда жалғыз басты. Ұлы 2000 жылы дүниеден озған, ал жары 2019 жылы марқұм болған.

Екі қарттың да өмірлік жолы бір-біріне ұқсас. Қызмет бабымен келіп, қонақжай қазақ халқына сіңісіп, абыроймен зейнетке шыққан қарттар Анықтау басқармасы ұжымын ерекше қуанышпен қарсы алды. Тағылымды кездесуде қарттар өмір тарихынан сыр шертіп, барша қазақстандықтарды Бірлік мерекесімен құттықтады.

 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру