Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбелік полицейлер жыл басынан бері 180 миллион теңгеден астам айыппұл өндірді

Ақтөбелік полицейлер жыл басынан бері 180 миллион теңгеден астам айыппұл өндірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе қаласы Полиция басқармасымен төрт айда 285 млн. теңгеден астам айыппұл салынған, оның 180 млн. теңгесі мемлекет пайдасына өндірілді. Өндіру пайызы 63,4% құрайды.

Осыған байланысты Ақтөбе қаласының полиция қызметкерлері жеке сот орындаушыларымен бірлесіп мобильдік топтарды құрды. Айыппұлдарды төлемей жалтарып жүрген азаматтардың тұрғылықты жерлері бойынша аралап, оларға айыппұл төлеу жөніндегі түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

ҚР ӘҚБтК-нің 797-бабының (Көлiк құралын, кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені ұстап алу, жеткiзу және пайдалануға тыйым салу) талаптарына сәйкес, айыппұлдарды қасақана төлемей жүрген көлік құралдарының иелерін жол қауіпсізідігін қамтамасыз ету кезінде “Автоураган” АБК қолданысымен анықтап, айыппұл тұрақтарына қойылады.

Ақтөбе қаласы Полиция басқармасы қоғамдық қауіпсіздік пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету кезіндегі салынған айыппұлдарды уақытылы төлеу керек екенін ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру