Қызылордалық полицейлер «Браконьер» іс-шарасы барысында 76 құқық бұзушылықты анықтады
Қызылордалық полицейлер «Браконьер» іс-шарасы барысында 76 құқық бұзушылықты анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
20 қазан мен мен 19 қараша күндері аралығында облыс көлемінде «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Іс-шараның басты мақсаты – табиғат қорғау заңнамасын бұзушылықтарды, биологиялық ресурстар объектілері мен өнімдерінің заңсыз айналымын анықтауға және жолын кесуге, экологиялық қылмыстарды ашуға бағытталған.
Жүргізілген рейдтік шаралардың барысында полицейлер 17 күнде табиғат қорғау заңнамаларын бұзушылықтың 76 дерегін анықтады – 2 қылмыстық іс және 74 әкімшілік құқық бұзушылық. Оның ішінде заңсыз балық аулау – 48, ҚР ӘҚБтК-нің 383-бабы бойынша 16 әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұлдар салынды.
Мәселен, 5 қараша күні полицейлермен Телікөл каналының тұсында аудан тұрғыны басқаруындағы Lada автокөлігі тоқтатылған. Тексеру барысында көліктің жүк салғышынан резіңке қайығы, аккумулятор, тоқ ұрғыш құралы, қапқа салынған балық алынды. Оқиға орнында екі аудан тұрғыны ұсталды. Тиісті сот-сараптама тағайындалды.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 335-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр.