Қызылордалық полицейлер есепте тұрған 477 адамды тексерді
Қызылордада «Тұрмыс» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында есептегі 477 адам тексерілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
«Тұрмыс» жедел-профилактикалық іс-шара басырында Қызылорда қалалық Полиция басқармасының жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері тұрғылықты жері бойынша полицияда профилактикалық және тізімдік есепте тұрған, тұрмыста құқық бұзушылық жасауға бейім 477 адамды, сондай-ақ тұрмысы нашар отбасыларды тексерді.
Атап айтқанда, 127 адамға қатысты қорғау нұсқамалары шығарылды, 72 адамға мінез-құлыққа ерекше талаптар белгіленді, «нашақорлық» диагнозы бар 55 адам және «маскүнемдік» диагнозы бар 211 адам, сондай-ақ «қолайсыз отбасылар» санатындағы 12 тұрғын тексеріліп, профилактикалық әңгімелер жүргізілді.
Шығарылған қорғау нұсқамаларының негізінде 42 тұрғын есепке алынды, төрт адамға қатысты мінез – құлыққа ерекше талаптар белгіленді, сондай-ақ 16 адам «маскүнемдік» диагнозымен, жеті адам «нашақорлық» диагнозымен есепке алынды.
Рейдтік іс-шара барысында 116 әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталды. Атап айтқанда, ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабы (Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) бойынша – 14 факт; ҚР ӘҚБтК-нің 73-1-бабы (Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру) және 73-2-бабы (Ұрып-соғу) бойынша – 27 бұзушылық; ҚР ӘҚБтК-нің 461-бабы (Қорғау нұсқамасын бұзу) бойынша екі факт, ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы (Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы) бойынша – 61 дерек, ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы (Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) – 12 дерек. Барлық құқықбұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.