Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордалық полицейлер есепте тұрған 477 адамды тексерді

Қызылордада “Тұрмыс” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында есептегі 477 адам тексерілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Тұрмыс” жедел-профилактикалық іс-шара басырында Қызылорда қалалық Полиция басқармасының жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері тұрғылықты жері бойынша полицияда профилактикалық және тізімдік есепте тұрған, тұрмыста құқық бұзушылық жасауға бейім 477 адамды, сондай-ақ тұрмысы нашар отбасыларды тексерді.

Атап айтқанда, 127 адамға қатысты қорғау нұсқамалары шығарылды, 72 адамға мінез-құлыққа ерекше талаптар белгіленді, “нашақорлық” диагнозы бар 55 адам және “маскүнемдік” диагнозы бар 211 адам, сондай-ақ “қолайсыз отбасылар” санатындағы 12 тұрғын тексеріліп, профилактикалық әңгімелер жүргізілді.

Шығарылған қорғау нұсқамаларының негізінде 42 тұрғын есепке алынды, төрт адамға қатысты мінез – құлыққа ерекше талаптар белгіленді, сондай-ақ 16 адам “маскүнемдік” диагнозымен, жеті адам “нашақорлық” диагнозымен есепке алынды.

Рейдтік іс-шара барысында 116 әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталды. Атап айтқанда, ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабы (Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) бойынша – 14 факт; ҚР ӘҚБтК-нің 73-1-бабы (Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру) және 73-2-бабы (Ұрып-соғу) бойынша – 27 бұзушылық; ҚР ӘҚБтК-нің 461-бабы (Қорғау нұсқамасын бұзу) бойынша екі факт, ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы (Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы) бойынша – 61 дерек, ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы (Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) – 12 дерек. Барлық құқықбұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру