Қызылордалық полицейлер есірткі сатушыны ұстады
Қызылордалық полицейлер есірткі сатушыны ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен жүргізілген жедел іс-шара барысында 32 жастағы қала тұрғыны ірі мөлшерде есірткі сатуға күдіктеліп, ұсталды.
Салмағы 274 грамға жуық кептірілген марихуана заттай дәлелдеме ретінде алынды.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабымен (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Күдікті Қызылорда ҚПБ-ның уақытша ұстау изоляторына қамалды.