Қызылордалық полицейлер кезекті тойды тоқтатты
Қызылордалық полицейлер кезекті тойды тоқтатты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шектеу шараларының күшейтілгеніне қарамастан тығылып той жасау деректері тыйылмай тұр.
Карантин талаптарының сақталуын қадағалау мақсатында құрылған арнайы мобильдік мониторингтік топпен жүргізілген тексеру барысында өткен демалыс күндері карантин талаптарын бұзудың 31 дерегі анықталды.
Мәселен, демалыс күндері Жалағаш кентінің өзінде қыз ұзату, үйлену тойы, бесік той, құдалық өткізіліп жатқаны анықталды. Мобильдік топ мүшелері жиналған жұртшылыққа түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, бұл тойларды дер кезінде тоқтатты.
Той иелерінен түсініктемелері алынып, жинақталған материалдар заңды шешім қабылдау үшін құзырлы органдарға жолданды.