Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордалық полицейлер кезекті тойды тоқтатты

Қызылордалық полицейлер кезекті тойды тоқтатты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

​Шектеу шараларының күшейтілгеніне қарамастан​ тығылып​ той жасау деректері​ тыйылмай тұр.
​Карантин талаптарының сақталуын қадағалау мақсатында құрылған арнайы мобильдік мониторингтік топпен жүргізілген тексеру барысында өткен демалыс күндері​ карантин талаптарын бұзудың 31 дерегі анықталды.​ ​ ​ ​ ​

​Мәселен, демалыс күндері Жалағаш кентінің өзінде қыз ұзату, үйлену тойы, бесік той, құдалық ​ өткізіліп жатқаны анықталды. Мобильдік топ мүшелері жиналған жұртшылыққа түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, бұл тойларды дер кезінде тоқтатты. ​

Той иелерінен түсініктемелері алынып, жинақталған материалдар заңды шешім қабылдау үшін құзырлы органдарға жолданды.​

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру