Қызылордалық полицейлер көпбалалы анаға азық-түлікпен қолдау көрсетті
Қызылордалық полицейлер көпбалалы анаға азық-түлікпен қолдау көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қармақшы ауданының Полиция бөлімінің тергеу бөлімшесі, анықтау тобы және жедел криминалистика тобының қызметкерлері қайырымдылық жасады.
Атап айтқанда, Қармақшы АПБ бастығының тергеу жөніндегі орынбасары Саламат Ғалымұлының бастамасымен Жосалы кентіндегі көп балалы отбасыға азық-түлік өнімдерімен қолдау көрсетіп, қайырымдылық шарасын өткізді.
Ал көпбалалы ана Қармақшы ауданының полиция қызметкерлеріне ризашылығын білдіріп, алғыс айтты.