Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қаңтар айында ІІМ сенім телефондарына 1479 қоңырау түсті

Қаңтар айында ІІМ сенім телефондарына1479 қоңырау түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қаңтар айында ІІМ сенім телефондарына азаматтардан 1479 қоңырау келіп түсті. Оның ішінде, қаңтар оқиғаларының алғашқы күндерінде, яғни  7-17 қаңтар аралығында 769 өтініш түскен.          

769 өтініштің 132-сі полицейлердің заңсыз әрекеттеріне: заңсыз ұстау және жеткізу, ұялы телефондарды тексеру, полиция қызметкерлерінің әрекетсіздігі, әкімшілік жауапкершілікке заңсыз тартылуына қатысты шағымдар болды.

Барлық жүгінген азаматтарға тиісті түсініктемелер берілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру