Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордалық полицейлер мас жүргізушіні ұстады

Қызылордада полицейлер мас жүргізушіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда қаласында 14 ақпан күні патрульдік полиция қызметкерлері сол жағалаудағы кезекті рейдтердің бірінде жоғарғы жылдамдықпен келе жатқан, жол қозғалысы қатысушыларының өміріне қауіп төндірген, «Mitsubishi Outlander» маркалы автокөлігін байқаған. Полиция қызметкерлері аталған автокөлікті тоқтатып, тексеру барысында жүргізушінің көлікті мас күйінде жүргізгені белгілі болды.

Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, жүргізуші «жеңіл» дәрежелі масаң күйде көлік айдаған.

Қазіргі уақытта тәртіп бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабымен (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) әкімшілік хаттама толтырылды.

Мұндай құқық бұзушылық он бес тәулікке әкімшілік қамауға алуға және жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруға әкеп соғатынын еске салғымыз келеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру