Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордалық полицейлер мас жүргізушіні ұстады

Қызылордалық полицейлер мас жүргізушіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жалағаш ауданының полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің қызметкерлері көше бойында Газель автокөлігі жол ережесін бұзып жүргендігін байқап, патрульдік полиция инспекторларына бағыт-бағдар беріп, автокөлікті тоқтатуды сұраған.

Жүргізуші ұсталып, наркологиялық диспансерге жеткізілді. Сараптама нәтижесі бойынша құқық бұзушының жеңіл дәрежелі масаң күйде болғандығы анықталды.

Оған қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабының 1-бөлігімен (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) әкімшілік хаттама рәсімделді. Автокөлік айып алаңына қойылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру