Қызылордалық полицейлер мұқтаж отбасыға көмек көрсетті
Қызылордалық полицейлер қайырымдылық көмек көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда облысы Полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері қайырымдылық шара ұйымдастырды.
Аталған қайырымдылық шарасын ұйымдастырушылар халықтың әлеуметтік тұрғыдан аз қорғалған бөлігіне көмек қолын созды.
Алты баласы бар Тасбөгет кентінің тұрғынына және төрт кәмелет жасына толмаған баласын жалғыз өзі асырап отырған көпбалалы ананың үйіне барып, азық-түлік себеттерін табыстады.
Көмек алған отбасылар полиция қызметкерлеріне алғыстарын білдіріп, полицейлердің жұмысына табыс, отбасыларына амандық пен береке тіледі.
Мейірімділікке бастайтын мұндай игі шаралар алдағы уақытта да жалғасын таппақ.