Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордалық полицейлер сауда орталығындағы ұрлықты ашты

Қызылордада сауда орталығында жасалған ірі көлемдегі ұрлық ашылды, күдікті ұрланған тауар мен ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция басқармасына сауда орталығының директоры арызданған. Ол өз арызында  11 наурыз күні түнде белгісіз біреудің қойманың есігін бұзу арқылы сауда залына кіріп, өзімен бірге арақ пен сусын алып кеткенін, әрі қарай кассадан ақша ұрлағанын көрсеткен. Келтірілген материалдық шығын сомасы 500 мың теңгеден астам.

Қызылорда қаласы ПБ жедел уәкілдері жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында осы қылмысты жасады деген күдікпен 48 жастағы қызылордалық азаматты анықтап, ұстады. Ол ұрланған тауарлар мен ақшаны жеке қажеттіліктеріне жұмсаған.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлігінің 3-тармағымен (Тұрғын, қызметтiк немесе өндiрiстiк үй-жайға кіріп жасалған ұрлық) сотқа дейінгі тергеп -тексеру амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру