Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыдағы түнгі клубтардың бірінде арнайы операция өткізілді

Операция барысында түнгі клубта есірткіні сақтау және сату фактілері анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

– Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері бірнеше күн бойы 1998 және 2002 жылы туған екі азаматтың қылмыстық әрекеттерін анықтауға бағытталған жедел іс-шаралар өткізді, олар қолда бар ақпаратқа сәйкес қаланың ойын-сауық мекемелерінде синтетикалық есірткі таратумен айналысқан. Олар клиенттерден төлемдерді онлайн-аударымдар арқылы алуды жүзеге асырған. Санкцияланған сатып алу барысында олардан 0,55 гр. мефедрон және 0,40 гр. “PVP” синтетикалық есірткісі тәркіленді, оларды “сатушылар” 24 мың теңгеге сатқан. Оларды ұстау операциясы қаладағы түнгі клубтардың бірінде жүргізілді. Іс-шараға арнайы жасақтың сарбаздары тартылды. Операция кезінде клубта 160-қа жуық келуші болды, олар Бостандық аудандық Полиция басқармасына жеткізіліп, карантиндік режимді бұзуды бақылау тобына берілді, – деп хабарлады Алматы қалалық ПД бастығының орынбасары Рүстем Әбдрахманов.

Полицейлердің хабарлауынша, осы клубтағы арнайы іс-шара барысында сатушы мен келушілердің бірінен “Мефедрон” салынған қалта тәркіленді. Сонымен қатар, ұсталғандардың тұрғылықты жерінде санкцияланған тінту жүргізілді, тінту барысында сатуға дайын, оралған синтетикалық есірткі және қылмыстық саудаға тікелей қатысы бар құралдар табылды.

– Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына орналастырылды. Қылмыстық іс бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабына (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) сәйкес тергеу амалдары жүргізілуде. Тәркіленген заттарға сот-химиялық сараптама тағайындалды. Сонымен қатар, есірткіні Алматы қаласына жеткізу арнасы анықталуда, – деп қорытындылады Рүстем Әбдрахманов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру