Қызылордалық полицейлер темір трубаларды жымқырған күдіктіні құрықтады
Қызылордалық полицейлер темір трубаларды жымқырған күдіктіні құрықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
19 сәуірде Қызылорда қалалық Полиция басқармасының Ақсай полиция бөлімшесіне 52 жастағы облыс орталығының тұрғыны арызданған болатын. Сәуір айының 18-нен 19-на қараған түні белгісіз адам, жасырын түрде қоршалған ауласында жатқан темір трубаларын ұрлап кеткен. Келтірілген материалдық шығын – 200 мың теңге.
Жедел-іздестіру шаралары барысында полицейлермен күдікті ретінде, 26 жастағы облыс орталығының тұрғыны құрықталды. Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы қолданылды.
ҚР Қылмыстық Кодексінің 188-бабының 3-бөлігі 3-тармағы (Ұрлық, тұрғын, қызметтік немесе өндірістік үй-жайға, қой маға не көлік құралына заңсыз кірумен жасалған ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.