Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында карантин кезінде футболдан турнир ұйымдастырған тұрғын анықталды

Түркістан облысында карантин кезінде футболдан турнир ұйымдастырған тұрғын анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мақтаарал АПБ-ның қызметкерлері халықтың қамы үшін карантин талаптарының сақталуын жіті бақылауда. Күнделікті рейдтік жұмыстар жүргізіп, тұрғындардың амандығы үшін тынбай еңбек етуде. Осындай кезекті рейд барысында күндізгі сағат 15:30 шамасында Мақтаарал ауданына қарасты Ынталы ауылында 50-ге жуық адамды жинап, футболдан турнир ұйымдастырып өткізген тұрғын анықталды.

Түркістан облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысының талаптарын өрескел бұзған азаматқа байланысты ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) бойынша іс-құжаттар жинақталып, заңды шешім қабылдау үшін Мақтаарал аудандық СЭББ-ге жолданды.

Жалпы, тәртіп сақшылары тұрғындарға тұрақты түрде карантин талаптарын түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Соған қарамастан немқұрайдылық танытқандар қатары азаяр емес. Сондықтан, полицейлер коронавирус індетінен сақтану мақсатында, басыңыздың амандығы, деніңіздің саулығы үшін үнемі бетперделік режим, арақашықтықты сақтау мен аса қажеттілік болмаса сыртқа шықпауға кеңес береді. Адамдар көп болатын орындарға, той-жиындарға бармаңыздар деп ескертеді.

 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру