Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматының Алатау ауданында полицейлер аллеясы пайда болды

Алматының Алатау ауданында полицейлер аллеясы пайда болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алатау аудандық полициясының басшылығы “Береке” қайырымдылық қоғамдық қорымен бірлесіп жасыл желектерді отырғызуды ұйымдастырды.

– Біздің аудан полициясының бірінші басшылары өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасылар тұратын “Береке Сити” тұрғын үй кешенінде жасыл желектерді отырғызу іс-шарасына қатысты. Біз қоғамдық қормен бірге жасыл желектер отырғызу идеясын қолдадық. Көмекті жасыл көшеттермен қамтамасыз еткен тағы бір “Таң” қайырымдылық қоры да көрсеткенін айта кеткен жөн. Кешеннің жасыл қоры туя, тұт ағаштары, можевелниктер, сирень, форзиция, шымтезек және қайыңдармен толықтырылды, – деп хабарлады Алатау аудандық Полиция басқармасының бастығы Ілияс Өмірсеріков.

– Бүгінде Алатау аудандық полициясының, сондай-ақ, “Таң” қайырымдылық қорының көмегімен біздің “Береке” әлеуметтік жобамызға ағаштар отырғызылды. Бастама көтергеніңіз үшін үлкен рахмет. Бұл шынымен де халықтық жоба, – деп атап өтті “Береке” ҚҚ-ның өкілі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру