Қызылордалық полицейлер тұрғындармен шектеу шараларын сақтау туралы профилактикалық әңгімелер өткізді
Қызылордалық полицейлердің шектеу шараларын күшейту мақсатында іс-қимыл алгоритміне – өзгерістер енгізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Сондай-ақ, қоғамдық тәртіпті сақтау мен тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету аясында қалалық полиция басқармасының қызметкерлері облыс орталығының тұрғындарымен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Іс-шарасының мақсаты – әрбір әкімшілік учаскеде учаскелік инспекторлардың, патрульдік полиция қызметкерлерінің, соның ішінде жедел әрекет ету бөлімшелерінің және басқа да қызметтердің күшімен құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстарын жандандыру.
Іс-шара аясында 48 патрульдік автокөлік, 33 жаяу патруль, полиция қызметкерлері мен учаскелік инспекторлар халықпен түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Полиция қызметкерлері рейд шеңберінде тұрғындармен шектеу шараларын сақтау туралы профилактикалық әңгімелер өткізуде, қала тұрғындарын үйде қалуға, серуендеуге және достарымен кездесуден бас тартуға шақыруда. Өз кезегінде, рейд кезінде қала тұрғындары өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тұратын аудандағы жағдай туралы хабардар етіп, құқықтық көмек ала алды. Күн сайын патрульдеу кезінде Қызылорда қаласы ПБ патрульдік полициясының қызметкерлері дыбыс күшейткіш құралдары арқылы облыс орталығының тұрғындарына санитарлық қауіпсіздік шаралары мен шектеу шараларын сақтауға өтініш білдіреді. Үндеу кез келген құқыққа қарсы көріністердің алдын алу, анықтау және жолын кесу мақсатында ұйымдастырылды.