Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордалық полицейлер тұрғынның көлігінен есірткі мен қару-жарақ тәркіледі

Қызылордалық полицейлер тұрғынның көлігінен есірткі мен қару-жарақ тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

1-30 қараша аралығында «Қару» профилактикалық іс-шарасына Қызылорда облысы ПД, оның ішінде қалалық Полиция басқармасының жеке құрамы жұмылдырылды.

2 қараша күні сағат 14:45-те Қызылорда қалалық ПБ-ның патрульдік полиция батальоны 35 жастағы қала тұрғынының басқаруындағы Mitsubishi Space Wagon автокөлігін тоқтатты. Полицейлер профилактикалық түсіндірме жұмыстарын жүргізу кезінде автокөліктің артқы орындығында қару бар екендігін байқаған. Тексеру барысында табылған зат еш жерде тіркелмеген қару болып шықты.

Оқиға орнына жедел-тергеу тобы шақыртылып, тәртіп сақшылары көлік ішінен газет қиындысына оралған есірткі затын, заңсыз қару және 17 патрон тәркіледі.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодекстің 296-бабының 2-бөлігімен (Есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) және 287-бабының 3-бөлігімен (Атыс қаруын (тегiс ұңғылы аңшылық қаруынан басқа), оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды немесе жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру