Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан полицейлері жергілікті тұрғынның сарайынан 200 литрлік бөшкеге салынған 31 келіден асатын есірткіні тапты

Түркістан полицейлері жергілікті тұрғынның сарайынан 200 литрлік бөшкеге салынған 31 келіден асатын есірткіні тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы аумағында Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының (ЕҚҚІҚБ) қызметкерлерімен есірткімен байланысты қылмыстарды анықтау мен тосқауыл болу мақсатында сан түрлі жедел профилактикалық шараларды тұрақты түрде жүргізуде.
Осындай шаралар кезінде Түркістан облысы Полиция департаменті ЕҚҚІҚБ мен Түркістан ҚПБ-ның полицейлері жергілікті тұрғындардың бірінің есірткі затын жасырғанын анықтайды. Осылайша жедел жүргізілген шаралар аясында полицейлер күдіктінің нақты мекенжайын біліп, оның ізіне түседі.

Нәтижесінде аталған жайтқа байланысты жұмылдырылған тәжірибелі тәртіп сақшылары күдікті ретінде Түркістан қаласының тұрғынын, яғни орта жастағы ер азаматты ұстады. Оның үйі мен ауласын тыңғылықты тінту кезінде полиция қызметкерлері сарай ішінен 200 литрлік бөшкеге салынған жеті дана полиэтиленді пакеттегі, бояудан босаған шелекке салынған бір пакет және оның ішінде 11 дана кішкентай пакетке салынған есірткіге ұқсас заттарды тауып, тәркіледі.

Күдіктіден тәркіленген заттардың барлығы тиісті сараптамаға жолданып, оның қорытындысы бойынша салмағы 31 келіден астам “кептірілген марихуана” болып шықты.

Бүгінгі таңда ауласына есірткі жасырған ер азамат қамауға алынды. Оған қатысты ҚР ҚК-нің 297-бабы 1-бөлігімен (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тиянақты тергеу барысы оқиғаның толық мән-жайын анықтайтын болады.
Осы ретте Түркістан облысының полицейлері есірткіні сақтау, өсіру мен таралуына байланысты қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді. Есірткіге еліктемейік!

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру