Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан полицейлері өзгенің шөбін өртеп, 1,1 миллион теңге шығын келтірген күдіктіні ұстады

Түркістан полицейлері өзгенің шөбін өртеп, 1,1 миллион теңге шығын келтірген күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кентау қалалық ПБ-ға жергілікті тұрғын әйел арызданды. Оның айтуынша түнгі уақытта белгісіз біреулер қорасындағы қысқы шөбіне өрт қойып өзіне 1,1 миллион теңге шығын келгенін көрсеткен.

Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚК-нің 202-бабы 2-бөлімі (Қасақана өрт қою арқылы бөтеннің мүлкін жою немесе бүлдіру) бойынша СДТБТ-ға тіркеді.

Ауданның тәжірибелі полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын ұйымдастырып, күдіктіні анықтап, ПБ-ға жеткізді. Ол жергілікті тұрғын жәбірленушінің інісі болып шықты. Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу барысы жігіттің шөпті не үшін және қандай мақсатпен өртеп жібергенін анықтайтын болады.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарға қоражайларыңызға бейнекамера коюды ескертеді. Сондай-ақ заңға қайшы іс-әрекеттерді жасамауға, туындаған мәселелерді заң аясында шешуге шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру